Сәлем, менің әлеміме бас сұққан бейтаныс жан! Міне менің осы әлемге НЛО сияқты ұшып келгеніме бір ғана күн болды. Қызық, бейтаныс әлемге үйренісу де сәл қиындау. Бірақ, мен тез тіл табысып кетуге тырысамын=)))
Сонымен, мен де су іздеген жолаушы сияқты үлкен сапарға шығып барамын. Сапарымда не болатыны да белгісіз. тек үлкен армандар, үлкен жобалар ғана ойымда. оларды қалай іске асырамын деген де сұрақ бар көкейде. Мүмкін, жастық максимализммен үлкен армандарым бар шығар, бірақ Д. Кеннедидің ” Бізге ешқашан болмаған істер жайла армандайтын жандар керек” деген сөзбен жұбатып, стимулдаймын да кейде. Шынымен де, неліктен менің қолымнан келмейді? Бәрі өз қолымда. Мені достарым реалист деп есептейді, білмеймін қаншалықты маған жақындығын. Өзім жайлы келсек. Мен өзімді Томириске теңегім келеді, мүмкін білетін санаулы түркі әйел затынан сол болғандықтан болар. Сондықтан, Томирис дей беріңіз. тіпті Тұмар деп те. Әзірше білім іздеп, жан-жақты болуға тырысып жүрген сабағын жақсы оқитын студентпін. Білімді жақсы беретін мықты ЖОО студентімін. бірақ соңғы кезде басымда шетелдік идеология көп болып кеткеннен, ағылшын тіліндегі сабақтардан шаршап, қазақ тілді ортаны сағынғаннан өзіме жақын басқа ортаны сағынып, блог ашып отырған жайым бар. Болашақты мықты экономист болу мақсатым. Кейде қызықсыз, сөйлем құрылымдары да дұрыс емес болып кететіні бар. ОЛ үшін әрине кешірім өтінемін. Барлығын жөндеуге уәде беремін. Айтпақшы, магистратураны Стэнфордта оқығым келеді.
Сөйлем құрылымдарына алаңдаудың қажеті жоқ менше, сөйлей білсең болғаны… Қош келдің!
ia, arine=)))) rahmet!
тілектеспін!
kop-kop rahmet!!!!
Орта толтыр!
Nietinizge rahmet.
Томирис ты білгеніңе қарағнады тым осал болм адың ғой..
жазбаң көбеигені сонша қайсын оқыйтынмызыды білмей қалатын болайық..
ооо рахмет!!! айтқаныңыз келсін. мықтымын деп айта алман, Томиристі кез-келген қара көз қазақ баласы білетіндігіне 100% гарантия!!!ол әркімдерге бір үлгі.
Сіздің жазбаларыңыздың бәрін оқып шықтым. Өте қатты ұнады…
Рахмееееет=))) қуаныштымын.
Қош келдің, Томирис!
Қонақ болып тұрыңыз, Мейіргүл! Есігіміз әрқашан айқара ашық.
Сәттілік!!!
рахмеет көп-көп!